Фото: Сотталушының туыстарынан
Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, үкім 18 наурызда шығарылған. Әмірлік тарапының дерегіне сәйкес, Қазақстан азаматы ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танылып, оған айыппұл да салынған.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының БАӘ-де 2025 жылы қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі екенін түсіндірді.
«Бұл қылмыстық іс адам ұрлау және заңсыз бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу сияқты ауыр қылмыстар санатына жатады», деді Ерлан Жетібаев.
Қазір іс бойынша апелляциялық шағым берілген, сондықтан үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. СІМ Қазақстанның елшілігі мен Дубайдағы Бас консулдығы құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Бұған дейін ведомство экстрадиция мәселесі әзірге қаралмайтынын хабарлаған. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың сөзінше, алдымен сот процесі толық аяқталуы керек.