Қоғам • Бүгін, 12:10

Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті

2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек атқарушылық жазбаларды рәсімдеу кезінде заң талаптарының өрескел бұзылып жатқанын мәлімдеп, кінәлі нотариустарды лицензиясынан айыру мәселесін көтерді. Бұл мәселе Республикалық нотариаттық палата төрағасы Олег Полумордвиновпен болған талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті

Фото: t.me/mazhilis_kz

Депутаттың айтуынша, кейбір нотариустар борыштың барын растайтын нақты дәлелсіз-ақ атқарушылық жазба рәсімдеп келген. Оның сөзінше, мұндай әрекеттер азаматтардың құқығын бұзады әрі заң талаптарына қайшы.

«Егер борышкер қарызды мойындамаса және мәселе даулы болса, нотариус атқарушылық жазба жасауға құқылы емес. Бұл жөнінде Бас прокуратура нақты ұстаным білдірді. Атқарушылық жазба тек даусыз талаптар бойынша ғана рәсімделуі керек», деді Бақытжан Базарбек.

«Болашақ» бағдарламасы: Депутат бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін жариялауды талап етті

Ол Бас прокуратураның ұсынысында аты аталған нотариустарға қатысты нақты шара қабылдауды талап етті. Депутат прокурорлық қадағалау актісі міндетті түрде орындалуы тиіс екенін еске салды.

«Прокуратура «қарастыру керек» деп отырған жоқ. «Лицензиядан айыру қажет» деп нақты көрсеткен. Сондықтан Әділет министрлігі тиісті шешім қабылдауға міндетті», деді депутат.

«900 мың теңге отбасыма жетпейді»: Депутат Бақытжан Базарбек ай сайынғы жалақы аздық ететінін айтты

Өз кезегінде Олег Полумордвинов заң бұзған нотариустар жауапкершіліктен құтылмайтынын айтты.

«Егер нотариус борышкердің қарызды мойындағанын растайтын құжатсыз атқарушылық жазба рәсімдесе, бұл – заңды тікелей бұзу. Мұндай жағдайда нотариус міндетті түрде жауап береді», деді О. Полумордвинов.

Палата төрағасының мәліметінше, Бас прокуратура анықтаған фактілер бойынша бірқатар нотариус лицензиясынан айырылған. Оның ішінде Алматы қаласында 6-7 нотариусқа қатысты шешім қабылданған.

Талқылау барысында атқарушылық жазбаларды рәсімдеу тәртібін күшейту және азаматтардың құқығын қорғау мәселесі негізгі назарда болды.

Бұған дейін, депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алғаны мәлім.

Соңғы жаңалықтар