Парламент • Бүгін, 13:12

Депутат: Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі әділетсіздік

1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Әділет вице-министрінің қазақ тілін қолданбауына байланысты сын айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат: Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі әділетсіздік

Фото: Ашық дереккөз

Депутат Қазыбек Исаның айтуынша, депутаттар сұрақтарды қазақ тілінде қойғанымен, вице-министр Ботагөз Жақселекова жауапты орыс тілінде берген.

«Сіз Әділет вице-министрі ретінде мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білесіз. Осында қаншама депутат сұрақ қойды, соның бірде-біреуіне қазақ тілінде жауап бермедіңіз. Тіпті, Екатерина Смолякованың мемлекеттік тілдегі сұрағына мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз. Әділет вице-министрінің мемлекттік тілді білмеуі – әділетсіздік», деді депутат.

Сондай-ақ халық қалаулысы министрлік өкіліне келесі жолы мемлекеттік тілді меңгеріп келуді, болмаса орнына басқа адамды жіберуді сұрады.

Жаңа заң: Жеке деректерді заңсыз пайдаланған нотариустар лицензиясынан айырылады

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысындағы талқылауларда Әділет министрлігі бірқатар заң жобасындағы өзгерістерді таныстырды.

Соңғы жаңалықтар