Фото: Bild
BILD басылымының мәліметінше, АҚШ билігі Германиядан науқасты қабылдауды сұраған, себебі Америкаға қарағанда Берлинге жету оңай әрі тез.
Charité өкілдері тұрғындар мен басқа пациенттер үшін қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
«Бұл бөлімше толық жабық әрі қорғалған жүйе ретінде жобаланған. Ол бір уақытта 20 адамға дейін қауіпсіз оқшаулап, диагностикалап және емдеуге мүмкіндік береді», деді клиника өкілі Маркус Хегген.
Бөлімше шлюздермен, жеке кіреберістермен, теріс қысымды желдету және сүзгілеу, сондай-ақ ағынды суларды жабық түрде өңдеу жүйесімен жабдықталған.
Денсаулық сақтау министрлігі Эбола індетіне байланысты шұғыл ескерту жасады
Стаффордтың қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілген жоқ. Белгілісі ұшар алдында оның жағдайы ауыр болып, өздігінен жүруі қиындаған.
ДДҰ Эбола дертіне шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертті. Ұйымның мәліметіне сәйкес, қазір Африкада 600 күмәнді жағдай тіркеліп, 139 адам инфекциядан қайтыс болды деген болжам бар.
Африкада Эбола вирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Эбола індетіне байланысты шұғыл ескерту жасады.