Фото: Shutterstock
Тікелей эфирде монархтың қазасы туралы алдын ала жазылған аудиоролик қойылған. Одан кейін эфирде «Құдай корольді сақтасын» әнұраны шырқалды.
The Independent басылымының хабарлауынша, мұндай аудиожазбаларды Ұлыбританияның барлық БАҚ-тары алдын ала дайындап қояды. Кейін радиостанция өкілдері тыңдармандардан кешірім сұрады. Компания бұл жағдайға компьютерлік қате себеп болғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Radio Caroline бұрын патшайымның рождестволық құттықтауларын қуана таратқанын, енді корольдің мерекелік жолдауларын әлі талай жыл эфирге беруге үмітті екенін айтты.