Фото: Ашық дереккөз
Парламент талқылауында депутат Айна Мұсралимова нотариустар азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізуі және оларды рұқсатсыз қараған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылатыны жөніндегі сұрақ жолдады.
Ведомство өкілінің айтуынша, жаңа Цифрлық кодекс аясында дербес деректерді қорғау талаптары күшейтілген.
«Шынында да, қазір біз жеке деректерді қорғау мәселесіне үлкен көңіл бөліп отырмыз. Сондықтан біздің заң жобамызда да лицензиялық бақылаудан кейін қосымша шаралар қарастырылған. Егер нотариус өз өкілеттігін пайдаланып, ақпараттық жүйеге негізсіз кіріп, азаматтардың деректерін қажетсіз және заңды негізсіз қараса немесе пайдаланса, біз бұл жағдайда жауапкершілікті күшейтуді қарастырдық. Ол тіпті лицензияны уақытша тоқтату немесе одан айыруға дейін барады», деді Ботагөз Шаймарданқызы.
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.