Жемқорлық • Бүгін, 13:21

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында лудоманияға шалдыққан түзеу мекемесінің қызметкері пара алу дерегі бойынша сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Фото: ашық дереккөз

Тергеу материалдарына сәйкес, ол сотталған азаматтардың жазасының өтелмеген бөлігін жеңілірек жаза түріне ауыстыруға ықпал ету және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған ұялы телефондарды кіргізуге жәрдемдесу үшін заңсыз сыйақы алған.

Анықталғандай, аталған қаражат кейіннен қызметкер тарапынан букмекерлік кеңселердегі бәс тігулерге жұмсалған.

3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды

Мемлекеттік айыптауды қолдау нәтижесінде сот 2026 жылғы 1 сәуірдегі үкімімен оны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды және әділет капитаны арнайы атағынан да шеттетілді.

Жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін қамалды

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Шұбартаулықтарды шулатқан жол

Аймақтар • Бүгін, 14:15