Парламент • Бүгін, 13:01

Нартай Сәрсенғалиев «билер» ұйымдарының қызметін тексеруді ұсынды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, өзін «билер кеңесі» немесе «би» деп атайтын қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нартай Сәрсенғалиев «билер» ұйымдарының қызметін тексеруді ұсынды

Депутаттың айтуынша, тарихи тұрғыда билер институты әділдік пен даналықтың символы болғанымен, қазіргі таңда бұл атауды жамылған кейбір ұйымдардың әрекеті қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Ол мұндай құрылымдардың кейде құқықтық мәселелерге араласып, ресми мемлекеттік органдардың функцияларын қайталап жатқанын атап өтті.

Сауалда нақты мысалдар келтірілген. Атап айтқанда, өзін «билер алқасы» деп таныстырған топтың даулы әрекеттері, сондай-ақ лицензиясы жоқ адамның өзін заңгер ретінде таныстырып, азаматтарды адастыру фактілері қоғамда резонанс тудырған.

Халықтың жартысы ескерту алмай қалуы мүмкін: Депутат Қазақстанда селден қорғану жүйесін күшейтуді ұсынды

Депутаттың мәліметінше, елімізде ондаған «билер» ұйымы жұмыс істейді және олардың мүшелері мыңдап саналады. Алайда олардың қызметінің құқықтық шекарасы нақты айқындалмаған.

Осыған байланысты Нартай Сәрсенғалиев бірқатар ұсыныс берді. Атап айтқанда,

«билер», «билер кеңесі», «бас би» атауын қолданатын ұйымдардың заң талаптарын сақтауын тексеру;

олардың мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың функцияларын қайталамауын бақылауды;

құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын мәселелерге араласуына жол бермеуді;

қоғам бірлігіне нұқсан келтіретін ұйымдарға құқықтық баға беру.

Олжас Құспеков: Шлагбаумдар мен ретсіз автотұрақ адам өліміне себеп болып жатыр

Депутаттың пікірінше, құқықтық мемлекет жағдайында дауларды шешу тек заң аясында жүзеге асуы тиіс, ал қоғамдық ұйымдардың төрелік айтуы екіұдай пікір қалыптастыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Шұбартаулықтарды шулатқан жол

Аймақтар • Бүгін, 14:15