Фото: Ашық дереккөз
Кезеңнің соңына қарай солтүстік антициклон әсері күшейіп, оның ықпалы Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанға тарайды. Соның салдарынан ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал. Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін.
Мамандардың болжамынша, кезең басында солтүстік өңірлерде түнгі температура -1…-8°С аралығында, күндіз +1…+8°С шамасында болады. Ал соңына қарай шығыс аймақтарда түнде -2…-18°С-қа дейін суытып, күндізгі температура 0…+13°С аралығында құбылады.
Өзге өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп күтіледі.