Елорда • Бүгін, 11:08

Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қалалық полиция департаменті елордада қоғамдық орындар ластануының алдын алу және жолын кесу жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады

Фото: gov.kz

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаудың және абаттандыру ережелерін бұзудың шамамен 16 мың фактісі бойынша жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін заманауи бақылау жүйелері кеңінен қолданылып жатыр.

@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты

аа

Қала әкімдігінің мәліметінше, оперативті басқару орталығының камераларымен қатар тазалықты бақылауға дрондар да қосылған. Олар қоғамдық орындарды ластауға қатысты жағдайларды анықтап, патрульдік қызметтерге жедел ақпарат береді. Сонымен қатар дрондар арқылы азаматтарға қоғамдық тазалықты сақтау, қала мүлкіне ұқыпты қарау, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы дыбыстық ескерту жасалады.

«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды

Соңғы жаңалықтар