Прокуратураның мәліметінше, бірқатар мекемелер лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетіп, оның үстіне сапа талаптарын сақтамаған. Мәселен, облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз түрлі мамандар атынан 28 мыңнан астам қабылдау рәсімделіп, нәтижесінде 91 млн теңге алынған.
Елімізде 406 жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
Аталған дерек бойынша іс Қылмыстық кодекстің 214-бабы негізінде тіркеліп, тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген. Кейін келтірілген залал толық өтелгендіктен, іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған.
Сонымен қатар тексеріс кезінде 203 млн теңгеге жалған стоматологиялық қызмет көрсету деректері де анықталды. Екі аффилирленген клиника қағаз жүзінде үш дәрігерді тіркеп, электрондық жүйе арқылы жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп 40 мыңға жуық жалған қызмет енгізген.
Тексеру барысында бір дәрігердің бір күнде бірнеше клиникада қатар қызмет көрсеткені туралы күмәнді деректер тіркелген. Қарсы тексерулер мен пациенттердің жауабы бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын растады.
«928 млн теңге»: Түркістан облысында ветеринарлық қызмет мемлекеттен ірі қаражат жымқырған
Осы фактілер бойынша арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, іс материалдарын сотқа жолдады.