Көлік министрлігінің мәліметінше, қаңтар – наурыз айларының қорытындысы бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 2,9 триллион теңгеге жеткен. Осылайша жүк тасымалының жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға артып, 239,8 миллион тоннаны құраған. Ал жолаушылар тасымалының көлемі бойынша 9,3 пайыздық өсім қалыптасқан.
Жыл соңына дейін саладағы өсімді арттыру мақсатында елімізде бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ. Бұл бағытта 1800 бірлік жылжымалы құрамды жаңарту қарастырылған. Оның ішінде 236 локомотив, 1373 жүк вагоны және 191 жолаушылар вагоны бар.
Нұрболат АМАНБЕК