Саясат • Бүгін, 07:50

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жүргізуші куәлігін алу тәртібін жетілдіру мәселесі Үкімет деңгейінде талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте емтихан жүйесінің ашықтығын күшейту, қолайлылықты арттыру әрі заңсыз әрекеттердің алдын алу тетіктері қаралды.

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Кеңес барысында Ішкі істер министр­лігімен бірлесіп әзір­ленген ұсыныстар топтамасы назарға алынды. Негізгі мақсат – жүргізуші куәлігін алу үдері­сін барынша әділ, түсінікті әрі қолже­тімді ету, даярлық сапасын көтеру, жемқорлық қатерін азайту.

Жаңа тәсілге сәйкес азаматтар емтиханды ақылы негізде шектеусіз тапсыра алады. Әр талпы­ныс арасындағы мерзім кемінде 10 күнтізбелік күнді құрайды. Қазіргі тәртіпте үш тегін мүмкіндік қарастырылған, алғашқы екі әрекет арасы бір күн, үшіншісі 30 күннен кейін өткізіледі. Бұдан кейін қайта оқудан өту талабы қойылатын. Мұндай шектеу кей жағдайда заңсыз жол іздеуге түрткі болатыны айтылды.

Қанатқақты жоба аясын­да Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тес­тілеу орталығының Астана қала­­сындағы филиалы базасында академиялық адалдықты қамта­масыз ететін технологиялар сыналады. Кейін бұл тәжірибені теориялық емтихан жүйесіне кеңінен енгізу көзделіп отыр. Бұған қоса, ор­та­лық тест тапсырмаларына кешенді психометриялық зерттеу жүргізеді. Оның нәти­жесі жүргізушінің қауіпсіз қозғалыс­қа қажетті білім мен дағдылар деңгейін дәл айқын­дауға мүм­кіндік береді.

Емтихан үдерісіне жасанды интеллект элементтері де енгізіледі. Теориялық кезеңде толықтырылған шынайылық технологиясы қолданылса, прак­тикалық сынақ компью­терлік көру жүйесінің көмегімен ба­қы­ланады. Мұндай ше­шімдер тыйым салынған құрылғыларды пай­да­лану ықтималдылығын азайтып, талап бұзыл­ған жағдай­лар­ды нақты тіркеуге жол ашады.

Әкімшілік жауапкершілік нормаларын енгізу де ұсынылды. Ол қызмет алушыларға да, заңсыз жолмен куәлік алуға көмек­тесетін тұлғаларға да қатыс­ты болады. Емтихан кезінде микроқұлаққап, жасырын камера секілді құрыл­ғы­­л­­арды қолдану, байланыс сиг­нал­да­рын қабыл­дайтын немесе тара­татын техниканы пайдала­ну заң бұзушылық ретінде қара­лады. Мұндай жағдайда теория­лық емтихан тапсыру құқығы­­нан бір жылға айыру тетігі қарас­тырылған.

Автомектептердің қызметіне қойылатын талаптар да күшей­тіледі. Бағалау кезінде жүргізу­шілерді даярлау сапасы мен азамат­тардың пікірлері еске­ріледі. Лицензиялау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Оқыту дең­гейі төмен болған жағдайда рұқсат құжатын кері қайтарып алу мүмкіндігі көзделген.

Ұсынылған шаралар жүргізу­ші куәлігін алу рәсіміндегі ашық­тықты арттырып, үдерісті зама­науи талаптарға бейімдеуге бағыт­­талған. Жүйелі өзге­рістер жол қозғалысы қауіпсіздігін қам­тама­сыз етуге ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Өнер көгіндегі ақиық

Тұлға • Бүгін, 08:55

Қайталап оқу терапиясы

Руханият • Бүгін, 08:50

Танымдық әділет

Таным • Бүгін, 08:43

Су тазартатын жаңа кәсіпорын

Аймақтар • Бүгін, 08:30