Аталған жоба Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласына айтарлықтай тың серпін береді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елде жыл сайын 3,5 миллион тонна өнім өндірілгенімен, оның тек 5 пайызы ғана өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. Ал сақтау кезіндегі шығындар 30 пайыздан асады. Нәтижесінде консервіленген өнімдер нарығындағы импорттың үлесі 80-85 пайызға дейін жетіп отыр.
Жобаның ғылыми жаңалығы – қызылша, сәбіз және алма шырындары негізінде пектин қосылған оңтайлы купаждалған рецептураларды жасау. Технология жергілікті шикізатты терең өңдеуге бағытталып, оның биологиялық құндылығын – антиоксиданттар, дәрумендер мен тағамдық талшықтарды барынша сақтауды қамтамасыз етеді.
Шіріген көкөністер сатылған: Вице-министр ақтөбеліктердің шағымына жауап берді
Бүгінде зерттеу бағытындағы ғылыми нәтижелер халықаралық басылымдарда жарияланып, өнім өндіру технологиясы мен пектин алу әдісіне патент алынған.
Мамандардың пікірінше, аталған технологияны агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде енгізу импортқа тәуелділікті едәуір төмендетіп, дұрыс тамақтану өнімдері нарығындағы сұранысқа ие жаңа сегментті дамытуға мүмкіндік береді.
Нұрболат АМАНБЕК