Күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша түрлі сылтаулармен қарттардың пәтеріне кірген. Сеніміне кіріп, жинаған ақшаларының қайда сақталғанын білген соң, ыңғайлы сәтті пайдаланып, қаражатты ұрлап, «ізін суытқан». Соның салдарынан жәбірленушілер күнкөріс қаражатынан айырылған. Осылайша полицияға 83 жастағы қарағандылық әйел жүгініп, шағымданушының көрсетулері бойынша жедел-іздестіру шаралары қолға алынған.
Ақша ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды
«Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көп ұзамай күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Тергеу барысында ер адам 83 жастағы әйелдің ақшасын ұрлағанын мойындап қана қоймай, тағы бір ұқсас қылмыс жасағанын да растады», делінген Ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.
Ақмола облысында аурухана есепшісі 10 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған
Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу және жедел шаралар жалғасып жатыр. Полиция күдіктінің бұған дейін зейнеткерлерге қатысты жасалған басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын мұқият тексеріп жатыр.
Нұрболат АМАНБЕК