Спорт • Бүгін, 16:26

Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заңға қол қойды. Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді

Еске сала кетейік, бұған дейін бір спортшыға шаққандағы жылдық қаржы көлемі 233 мыңды құраған. Сондай-ақ жаңа заң бойынша біліктілігі расталған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жаттықтырушыларының жалақысы 30 пайызға артады.

Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр

Бүгінде елімізде 526 спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала жаттығады. Жауапты министрліктің мәліметінше, саланы дамытуға 2028 жылға дейін 74 миллиард теңге бағытталмақ. Сонымен қатар спорттық инфрақұрылым да қарқынды дамып келеді. Атырау облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дарынды спортшыларға арналған заманауи мектеп-интернат салынып жатыр.

Ақтөбе соты екі спорт мектебінің директорына үкім шығарды

Барлық шаралар болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар