Фото: ашық дереккөз
Ал үш айдың қорытындысы бойынша отандық дилерлер 44 757 көлік сатқан, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға төмен. Алайда Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашеваның сөзінше, жыл басынан бергі көрсеткіштің төмендегеніне қарамастан, автокөлік нарығы ақпаннан кейін айтарлықтай тұрақтылық белгілерін көрсетіп келеді.
«Мұндай жағдайда автокөлік жеткізілімін реттеу қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Себебі отандық нарықта үлестердің қайта бөлініп жатқанын байқау қиын емес. Сәйкесінше кейбір брендтердің позициясы күшейіп келеді. Осыған байланысты нақты бағалау мен жылдық болжамды екінші тоқсан қорытындысы бойынша жасауға болады. Себебі бұл кезең тұтынушылық тұрғыда аса маңызды аралық саналады», дейді одақ басшысы.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде ең көп сатылған брендтер қатарында Hyundai (3192 көлік) көш бастаған. Екінші орынға Kia (2317), ал үшінші орында Chevrolet автокөлігі (2142) жайғасқан. Наурыз айында да осы үш көлік маркасы жоғары сатылымды темір тұлпарлар қатарынан табылған. Ал жыл басынан бері тұтынушылар тарапынан көп сұраныс тудырған Changan 1766 көлік сатып, үлкен өсіммен төртінші орынға көтерілген.
Бұдан өзге есепті кезеңде сатылымы артқан брендтер тізбегі төмендегідей жайғасқан:
Chery – 1270
Haval – 1227
Jetour – 850
Toyota – 581
JAC – 451
Geely – 428
Ең танымал 10 модель:
Chevrolet Cobalt – 1965
Hyundai Tucson – 1516
Kia Sportage – 841
Changan CS55 Plus – 798
Haval Jolion – 683
Chery Tiggo 7 – 565
Hyundai Elantra – 561
Changan CS35 Max – 513
Hyundai Mufasa – 440
Kia Soluto – 416
Еске сала кетейік, жоғарыда аталған модельдердің барлығы Қазақстан аумағында құрастырылады.
Нұрболат АМАНБЕК