Қала орталығындағы жалға алынған пәтерді тексеру және тінту барысында синтетикалық есірткінің 110 пакеті табылыпты. Сараптама қорытындысы ұнтақтың жалпы салмағы 489,21 грамм болатын «а-пирролидиновалерофенен» немесе «a-PVP» психотроптық зат екенін көрсеткен.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілді. Тергеу барысында күдікті сот шешімін күтіп қамауда болды. Ол сот шешімімен аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алғаны, сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді.