Спорт • Бүгін, 08:57

Нұртілеу турнирі мәресіне жетті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада белгілі тележурналист, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған дәстүрлі бильярд турнирі өтті.

Нұртілеу турнирі мәресіне жетті

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Іс-шараның шымылдығы ақын Еркебұлан Қайназардың Нұртілеу Иманғалиұлына арнаған жыр шашуымен ашылды. Жетісуда дүниеге келіп, жарты ғасырға жуық уақыт журналистика қазанында қайнап, «Ой-көкпар», «Бетпе-бет», «Діңгек», «Қолтаңба» сынды хабарлар жүргізіп, «Бай-қуатты болайық!» деген қанатты сөзімен қазақ халқының жүре­гінен орнын алған тұлғаның ерен еңбегін наси­хаттауға бағытталған бұл игі іс-шара осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр.

Елуге жуық тастаяқ шебері қатысқан бәсекеде бас жүлдені Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан иеленді. Екінші орын алаштанушы ғалым Қайрат Сақтың еншісіне бұйырса, үшінші орын қаламгер Боранбай Жарылқағанов қанжығасына байланды. Төртінші орынды белгілі фотожурналист Ербол Ерденбек жеңіп алды. Жалпы, үздік сегіздікке енген бильярдшылар Манап Көкенов, Әбдікерім Манапов, Аман­гелді Сейітхан, Бейсен Құран­бек атындағы аталымдар бойынша марапатталды. 

Нұртілеу Иманғалиұлының шәкірті Нұрділда Ораздың ұйыт­қы болуымен дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан турнирге «Tas Group» компаниясының құрылтайшысы Дулат Тастекей демеушілік етіп келеді. Биыл да сол дәстүр жалғасын тауып, жеңімпаздар мен үздік ойын көрсет­кендерге қаржылай сый­лық табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар