Көрме • Бүгін, 07:55

Суретшілер шашуы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда төріндегі «Has Sanat» өнер галереясында Қазақстан мен Қырғызстан суретшілерінің «Нұр шашу» атты халықаралық көрмесі ашылды. Экспозицияға Әсел Тілеулен, Сансыз Мирзираимов, Абай Насиридин уулу және Ислам Дооровтың 60-тан астам кескіндеме туындысы қойылған.

Суретшілер шашуы

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Көрме адам жанындағы сәуле, ішкі тазару мен рухани тереңдік тақырыбын арқау етеді. Суретшілер аталған ұғымдарды түрлі көркемдік мәнері, өз шеберлігі мен бейнелеу тәсілдері арқылы көрсеткен. Шығармашылық ұстанымдары бөлек болса да экспозиция тұтастай алғанда жан тыныштығы, үміт, рухани тірек және адам сезімінің терең болмысы жайындағы ортақ көркем ойды үндейді.

Мәдени іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Үкімет басшысының орынбасары құттықтауында мұндай жобалардың мәдени байланыстарды нығайтып, халықтар арасындағы рухани жақындықты терең­дете түсудегі ерекше маңызын атап өтті.

«Бұл көрме – заманауи бейнелеу өнерінің таңдаулы туындыларын тоғыстырған, шығармашылық ізденіс пен рухани сабақтастықты айшықтайтын тағылымды мәдени оқиға деп білемін. Көрмеге еліміздің, сондай-ақ Қырғыз Республикасының белгілі қылқалам шеберлері қатысып жатыр. «Нұр шашу» көрмесі – суретшілердің шығармашылық жетістіктерін танытатын алаң ғана емес, сонымен бірге мәдениеттер тоғысының, өнер арқылы рухани үндесудің жарқын көрінісі», делінген құттықтау хатында.

Көрмеге қатысушы қылқалам шеберлерінің бәрі дерлік кескіндеме жанрында еңбек етеді. Сонда да әр суретші ортақ тақырыпты өзіндік таным-түйсігімен, өзіне тән стильдік ерекшелігімен ашуға тырысқан. Экспозицияда портрет пен пейзаж, абстракция элементтері мен ішкі үйлесімге құрылған көркем ізденістер табиғи сабақтастық тапқан.

Көрме 11 мамырға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40