Саясат • Бүгін, 07:45

Парламентаралық әріптестікті нығайтуға мүдделі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Франция Республикасы Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясы делегациясының басшысы Валери Буайемен кездесті. Олар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, парламентаралық өзара іс-қимылдың келешегі мен жаңа бірлескен жобалардың басым бағыттарына тоқталды.

Парламентаралық әріптестікті нығайтуға мүдделі

Кездесуде палата спикері меймандарға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Франция ара­сындағы сындарлы әрі стра­тегиялық байланысқа жоғары баға берді. Сондай-ақ ол Франция еліміздің Еуропа­лық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін айтты. М.Әшімбаев екі мемлекет арасында, ең алдымен, жоғары деңгейде тұрақты саяси диалог жолға қойылғанын да ерекше атап өтті.

«Қазақстан мен Франция екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытында берік бай­­ланыс орнатып, нақты  нәти­желерге қол жеткізіп келеді. Бұл – ең алдымен, жоғары деңгейдегі сындарлы саяси диалогтің нәтижесі. Кейінгі үш жылда жоғары деңгейде маңызды сапарлар ұйымдастырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми және мемлекеттік сапармен екі рет барды. Франция Президенті Эмманюэль Макрон 2023 жылы елімізге ресми сапармен келді. Сол кездесулердің нәтижесінде екіжақты қатынастар берік стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Осы орайда Сіздің бұл сапарыңыздың да маңызы жоғары. Біз екі ел арасындағы парламентаралық байланысты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», деп Сенат төраға­сы заң шығарушы органдар арасындағы байланысты жандандыру мәселесі жөнінде сөз қозғады.

Сонымен қатар М.Әшім­баев еліміздегі әлеуметтік-эко­номикалық, саяси жаң­ғыру үдерістерін, республи­ка­лық референдумның қоры­тындысын сөз етті. Соның аясында жаңа Конститу­ция­ның қабылдануы саяси жүйені жаңғыртудың, сон­дай-ақ құқықтық мемлекет­ті нығайтудың маңызды кезеңі екенін баса айтты.

Өз кезегінде Валери Буайе парламентаралық ық­палдастықты арттырудың маңызы жөнінде айта келе, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сұхбат барысында екі­­жақ­ты парламентаралық бай­ланыстарды дамыту перспективалары да талқылан­ды. Атап айтқанда, достық топтары және Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблея­сы мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық серіктестікті, білім беру, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейту тетіктері де назардан тыс қалмады. Бұған қоса Сенат төрағасы климат, су мәселелеріне қатысты күн тәртібі аясындағы ынты­мақтастықтың, сондай-ақ жасыл экономика мен атом энергетикасы салаларындағы серіктестіктің маңызы туралы пікірін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40