Кәсіпқой бокс • Кеше

Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінен шығарылды, деп жазады Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

IBF ұйымы боксшының қанынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталғаны туралы ақпараттан кейін Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырған еді.

Енді Халықаралық бокс федерациясы орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңартылған тізімде спортшының есімі жоқ. Нәтижесінде IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу бос қалды, ал рейтингтің бірінші орны да иесіз.

аа

Қазір екінші орынға италиялық боксшы Этиноза Олиха жайғасса, үшінші сатыны жеңіліс көрмеген ирландиялық Аарон Маккенна иеленіп отыр.

Еске салайық, Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылдың желтоқсанында жарияланды. 

Ал World Boxing Organization орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жектерден 1 жылға шеттетті.

Соңғы жаңалықтар