рт
Қоғам • 14 Сәуір, 2026
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Ұлытау облысының арнайы прокурорлары Қазақстан аумағында «Kaef Mafia» Telegram-дүкені арқылы синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Нәтижесінде 3,5 килограмм есіткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан халқына» қоры қызметінің нәтижелері және іске асырып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Сәуір, 2026
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Президент балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заңға қол қойды. Енді бір спортшыға жылына шамамен 415 мың теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2026
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қазақстанда ертең теледидар мен радио хабарлары уақытша жұмыс істемейді. «Казтелерадио» компаниясы өкілдерінің мәліметінше, аталған жұмыстар хабар тарату сапасын арттыру үшін қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Алакөл мен Балқаш туризмі: Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2026
Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды
Өткен жылдың жазында полицейлер қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығына елеулі қатер төндіретін синтетикалық есірткі заттарын өткізген 30 жастағы азаматты ұстаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды
13 сәуір кешкі сағат шамамен 21:27-де Астанадағы Нұра ауданы Күлтегін көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйден өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 13 Сәуір, 2026
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
ІІМ «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Ведомство жыл басталғалы бері шамамен 3 тонна есірткінің таралу қаупінің алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Porsche көлігінің жүргізушісіне қатысты мемлекеттік тәртіпті бұзу фактісі бойынша істі қарап, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Жүргізуші қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның тыйым салған (сары) сигналына мән бермей, 133 км/сағ жылдамдықпен қозғалған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Елімізде ағаш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетігі арқылы Атырау қаласында дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжінің құрылысы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Сәуір, 2026
Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің білімін бағалау жүйесіне қатысты қабылданған жаңа шешімдер бойынша түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, мұғалімдердің құқықтары толық сақталып, қазіргі аттестация үдерісі бойынша басталған рәсімдер аяқсыз қалмайды. Бұл өзгерістер 2026 жылғы қаңтарда енгізілген жаңа ережелермен байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
12 сәуірге қараған түні Астанадағы Есіл ауданы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Тілсіз жау салдарынан 3 бала қайтыс болып, әйел ауруханаға жеткізілген еді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 10 Сәуір, 2026
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдар алдында сөйлеген сөзінде қоғамда заң үстемдігі мен тәртіп мәдениетін түбегейлі орнықтыру қажеттігін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласының өкілдері үшін маңызды жаңалықты жария етті. Президент жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 10 Сәуір, 2026
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Тараз қаласында полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 10 Сәуір, 2026
Ертіс өзенінде көктемгі мұз қозғалысы басталды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұз массаларының жылжуына байланысты өзендегі су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған. Қазіргі уақытта ірі мұз кептелістері тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 09 Сәуір, 2026
«Amanat» партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды
Ірі бизнес «AMANAT» партиясын қолдады. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан ҚошановКәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестірукеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Іс-шараға мыңдаған компания мен миллиондаған адамды біріктіретін бизнес-қоғамдастық пен ірі салалыққауымдастықтардың өкілдері қатысты. Партия мен бизнес елдің тұрақты әрі орнықты дамуы үшін, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер жасау, экономиканың өсуін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың табысын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істейтін болады.Отырысқа партияның өңірлік филиалдары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Сәуір, 2026
Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті
Қазіргі уақытта Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі белсенді таралып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және күмәнді хабарламаларға иланбауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды
Қарағанды қаласында «Есірткіге қарсы бірге күресейік» ұранымен кең көлемді акция ұйымдастырылып, қоғамды қауіпті індетке қарсы жұмылдыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Сәуір, 2026
KazNARU студенттері Қытай университетінің сертификатын иеленді
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жасанды интеллект және робототехника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, Қытай Халық Республикасының Чжэцзян технологиялық университетімен (ZJTU) бірлескен білім беру бағдарламасы аясында студенттерге сертификат табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Сақтандыру ұйымдары несие өтелген соң 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруға міндеттелді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алу кезінде рәсімделетін сақтандыру шарттарына қатысты енгізілген жаңа заңнамалық өзгерістер туралы ескертті. Бұл өзгерістер қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2026
Сәтбаевта көпқабатты үйден өрт шықты: 4 бала құтқарылды
Сәтбаев қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бір адам құтқарылып, 4 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды
Құтқару қызметінің мәліметінше, оқиғаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 300 шаршы метр аумақты жалын шарпыған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Сәуір, 2026
Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Бүгін бозкілемге кімдер шығады?
Грек-рим күресінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін бозкілемге Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: Ғимарат электр желісінен толық ажыратылды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайға байланысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырында болған өртке қатысты ахуал жан-жақты қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.