Оқиға • Бүгін, 10:12

Сәтбаевта көпқабатты үйден өрт шықты: 4 бала құтқарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бір адам құтқарылып, 4 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәтбаевта көпқабатты үйден өрт шықты: 4 бала құтқарылды

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға Ерденов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде болған. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетіп, өрт сөндірушілер келген мезетте пәтер ішінде ашық жану байқалған.

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: Ғимарат электр желісінен толық ажыратылды

Мамандар дереу өрт сөндіру оқпандарын беріп, барлау жұмыстарын жүргізген соң, өртті ауыздықтауға кірісті.

Құтқару барысында жанып жатқан пәтерден иесі шығарылып, түтінге улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көрші пәтерден автосатының көмегімен 4 бала құтқарылған.

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара батыры

Тұлға • Бүгін, 09:10