Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бүгін Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізілетінін мәлімдеп, қазақстандық ғалымдарды марапаттады. Ал бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады.