Фото: Ашық дереккөз
«Біз ойы озық, өркениетті ел боламыз десек, ең алдымен қоғамдағы кез келген мәдениетсіз әрекетке, жабайы жүріс-тұрыс пен тұрпайы тағылыққа, яғни, вандализмге түбегейлі тосқауыл қоюымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы уақытта тарихи және мәдени нысандарға қасақана зиян келтіру жағдайлары жиілеп кетті», деді Мемлекет басшысы.
«Біз тұтас қоғам болып осындай заңсыз әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы тұруымыз қажет. Заңды құрметтеу, табиғатты аялау, жауапкершілік, жасампаз патриотизм қағидаттары қоғамдық санада түбегейлі орнығуға тиіс. Бұл қасиеттер азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың дүниетанымы кең, мінез-құлқы дұрыс адам ретінде қалыптасуына негіз болуы керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалатынын айтты.
Президент: Жастарымызды қатаң, тіпті қатігез бәсекелес ортада табысқа жетуге даярлауымыз керек