Фото: pixabay.com
Сонымен қатар атқарушылық құжаттардың жекелеген санаттары бойынша жеңілдетілген өндіріс қолдану кеңейтіледі. Атап айтқанда, айыппұлдар мен салықтық берешектер бойынша өндіріп алу шегі 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.
Бұдан бөлек, борышкерлерді баспанасынан мәжбүрлі түрде шығару туралы алдын ала хабарлама міндеттеледі.
«Түзетулерде борышкерді баспанасынан мәжбүрлі түрде шығару туралы алдын ала кемінде 10 күн бұрын хабарлау міндеті енгізіледі. Бұл азаматтарға көшуге және тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», делінген Мәжіліс хабарламасында.
Сондай-ақ заң жобасында мерзімі өткен атқарушылық құжаттар бойынша барлық мәжбүрлеу шаралары тоқтатылатыны қарастырылған. Бұған қоса, өндірісті аяқтаған сот орындаушысына басқа орындаушылар салған тыйымдарды алып тастау құқығы беріледі.
Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында қызмет алушылардың жеке деректерін негізсіз пайдаланған нотариустар лицензиясынан айыру туралы заң жобасы қабылданды.