Парламент • Бүгін, 10:28

Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда Құрылтайға жоғары мемлекеттік лауазымдарға кандидатураларды келісу өкілеттігі беріледі. Бұл туралы Парламент қарауындағы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?

Президент Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін депутаттардың келісімінен кейін ғана тағайындайды. Премьер-министр кандидатурасын ұсынбас бұрын Президент Құрылтайдағы саяси фракциялармен міндетті түрде кеңес жүргізеді. Егер депутаттар ұсынылған кандидатураны қабылдамаса, олар өз шешімін негіздеп түсіндіруге тиіс.

Құрылтай сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Депутаттар Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьяларын сайлайды және қызметінен босатады. Конституциялық және Жоғарғы Сот судьяларына қатысты иммунитетті алып тастаудың қатаң тәртібі белгіленген. Бас прокурор судьяны жауапкершілікке тарту немесе қамауға алу үшін Құрылтайдың келісімін алуы қажет, ал тиісті өтініштер екі апта ішінде қаралады. 

5 жыл мерзімге 145 депутат – Мәжіліс Құрылтай туралы конституциялық заңды мақұлдады

Осылайша, Құрылтай билік тармақтары арасындағы тежемелік және тепе-теңдік жүйесін қамтамасыз етеді.

Заң жобасына сәйкес, Құрылтай Үкіметтің есеп беруі мен оның қызметін бақылау тетіктеріне ие болады. Министрлер кабинетін қалыптастыру кезінде кандидатуралар Құрылтай комитеттерінде алдын ала қаралып, депутаттардың ұсыныстары ескеріледі. Депутаттардың үштен бірінің бастамасымен министрлердің есептері тыңдалады, ал міндеттерін орындамау анықталған жағдайда Президентке тиісті министрді қызметтен босату туралы ұсыныс берілуі мүмкін.

Премьер-министр Құрылтай алдында Үкіметтің қызметі мен негізгі шешімдері бойынша тұрақты есеп береді. Ең жоғары бақылау тетігі ретінде Үкіметке сенімсіздік вотумы қарастырылған. Ол депутаттардың бестен бірімен басталады немесе бюджет есебі бекітілмеген жағдайда автоматты түрде қаралады.

Президенттің сайлау жүйесіндегі рөлі қандай?

Сонымен бірге бюджетке қатысты депутаттық бастамалар Үкіметтің міндетті оң қорытындысын талап етеді. Бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығын және жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрылтайда тұрақты комитеттер мен комиссиялар жұмыс істейді. Тұрақты комитеттер бірінші сессияда фракциялардың өкілдігі ескеріліп құрылады, әр депутат тек бір комитетке мүше бола алады. 

«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті

Комитеттерді депутаттар сайлайтын төрағалар басқарады, ал оппозиция өкілдерінің қатысуына кепілдік беріледі. Олар жұмыс топтарын құрып, сарапшыларды тарта алады, сондай-ақ тыңдаулар мен «үкімет сағаттарын» өткізуге құқылы.

Сонымен қатар нақты міндеттерді орындау үшін уақытша комиссиялар құрылады, олар өз тапсырмасын аяқтағанға дейін жұмыс істейді. Бұл жүйе заң шығару процесінің сапасын арттырып, мемлекеттік органдарға тиімді парламенттік бақылауды қамтамасыз етеді.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 13:31