Фото: Ашық дереккөз
Сот отырысында жәбірленушілер, яғни айыпталушының кәмелетке толмаған балаларынан жауап алынды. Іс барысында олардың көрсеткен айғақтары негізінде оқиғаның мән-жайы анықталды. Балалардың айтуынша, анасы оларға жүйелі түрде күш қолданған, ұрып-соғып, қыздырылған шанышқымен, үтікпен күйдірген.
Шымкентте сотталғандарды азаптаған түзеу мекемесінің үш қызметкері қамауға алынды
Сотта айыпталушының бұрын берген жауабы оқылып, әйел өзіне тағылған айыптарды растап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін білдірді.
Сот барысында бұрынғы қайын енесі келінін кешіретінін айтқан.
Қарағандылық отбасы өздері асырап алған балаларды азаптап келген
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдың қаңтар айында Шымкентте анасының балаларын жүйелі түрде қорлағаны туралы ақпарат тараған болатын. Осы дерек бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралған.
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, екі кіші бала уақытша балалар үйіне орналастырылды. Кейінірек сот шешімімен әйелдің ата-ана құқықтары шектелгені хабарланды.
Нұрболат АМАНБЕК