Ата заң • Бүгін, 13:19

Ерлан Қарин: Заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, елде биыл наурыз айында өткен референдумда қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен қағидаттарын іске асыру бойынша жүйелі әрі кезең-кезеңімен жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қарин: Заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар үш заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Олар жаңа конституциялық құқықтық архитектураны қалыптастыруға бағытталған.

Атап айтқанда, қаралған құжаттар:

  1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңның жаңа редакциясы – 8 тарау, 43 баптан тұрады;
  2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның жаңа редакциясы – 12 тарау, 60 бап;
  3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы.

Ерлан Қариннің пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға толық сәйкестендіру, сондай-ақ мемлекеттік-саяси модельді институционалдық тұрғыдан жаңарту.

Ерлан Қарин Президенттің неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Сонымен қатар реформалар елдің саяси жаңғыруын жүйелі құқықтық негізге көшіруге бағытталған. Бұл ретте жаңа нормалар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейді.

Мемлекеттік кеңесші атап өткендей, заңнаманы үйлестіру процесі және Құрылтайға қатысты алдағы сайлау ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Бұл кезең «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына негізделген конституциялық даму бағытының бастауы ретінде бағаланып отыр.

Ерлан Қарин: Конституциялық реформа – қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 13:31