Ауа райы • Бүгін, 13:31

Алдағы күндері күн суытады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мамандары 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялап, ел аумағында ауа райының айтарлықтай құбылатынын ескертті. Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері күн суытады

Фото: Ашық дереккөз

Болжамға сәйкес, 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамыр күндері шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ал желдің екпіні күшейеді.

Метеорологтар ел аумағы бойынша желдің күшеюі байқалатынын, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұру ықтималдығы барын айтады. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.

8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі температура өңірлер бойынша мынадай деңгейде болады:

  • Батыста – 13-28 градус жылы;
  • Солтүстік-батыста – 10-18 градус жылы;
  • Солтүстікте – 5-13 градус жылы;
  • Орталықта және шығыста – 8-18 градус жылы;
  • Оңтүстікте – 17-26 градус жылы;
  • Оңтүстік-шығыста – 15-22 градус жылы;
  • Таулы аймақтарда – 8-13 градус жылы.

«Қазгидромет» мамандары тұрғындарды ауа райының күрт өзгерісіне дайын болуға шақырып, әсіресе үсік пен жауын-шашын кезеңінде сақтық шараларын ұстануды ескертеді.

Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады

Соңғы жаңалықтар