Компания қызметкерлері, еншілес және тәуелді компания басшылары қатысқан іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов және «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Диқан Қамзабекұлы Кездесуде конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары туралы арнайы шақырылған спикерлер баяндама жасады, . Кездесуді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов ашып, Конституциялық реформа еліміздің кемел келешегі үшін қолға алынып жатқанын атап өтті.
«Бүгінде еліміз маңызды тарихи кезеңнің алдында тұр. Конституциялық реформа – заң үстемдігін нығайтып, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған маңызды қадам», деді.
Компания басшысы өз сөзінде Конституция жобасын әзірлеу барысында қоғамның барлық өкілдерінің пікірі ескерілгенін және кең ауқымды сараптамалық талқылаулар жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, түрлі саланың мамандары, заңгерлер мен қоғам белсенділері атсалысып, азаматтардан түскен ұсыныстар да назарға алынған.
Референдум-2026: Дауыс беру учаскесін ЖСН арқылы қалай табуға болады?
Мінберге шығып сөз сөйлеген ел ағалары ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанын айтты. Жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғамдық қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Құжат қабылданған жағдайда, ол Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына жаңа серпін беріп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Референдум кезінде шалғайда жүрген азаматтар қалай дауыс береді?
Қадірлі меймандар кездесу соңында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырып, бұл саяси оқиға елдің болашағын айқындайтын тарихи қадамдардың бірі екеніне тоқталды.
Айта кетейік, мұндай кездесулердің мақсаты – азаматтарды конституциялық өзгерістердің мазмұнымен таныстыру және ашық пікір алмасуға мүмкіндік жасау.