Фото © flickr.com
Мәліметтерге сүйенсек, 18 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап ел аспанының бір бөлігінде ұшуларға рұқсат берілген. Бұл шешім Ұлттық азаматтық-әскери үйлестіру комитетінде қауіпсіздік талаптары жан-жақты зерделенгеннен кейін қабылданған.
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
«Осыған сәйкес, сондай-ақ ұшу құрамына арналған хабарлама (NOTAM) негізінде елдің әуе кеңістігі мен бірқатар әуежайлар 18 сәуір күні таңғы сағат 07:00-ден бастап ашылды», делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар әуежайлардың жұмысы бірден емес, біртіндеп қалпына келетіні хабарланды. Бұл процесс әскери және азаматтық қызметтердің дайындығына қарай жүзеге аспақ.