Аljazeera мәліметінше, Рохинджа халқы Мьянмадағы қудалаудан, азаматтықтың жоқтығынан және Бангладештегі босқындар лагеріндегі шектен шыққан кедейліктен қашуға мәжбүр. Олар жақсы өмір іздеп, Малайзия мен Индонезия жағалауларына жетуге тырысады. Тек 2026 жылдың басынан бері 2 800-ден астам адам осы қауіпті сапарға аттанған.
Босқындардың жартысынан астамы – әйелдер мен балалар. Олар теңіздегі табиғи қауіптен бөлек, адам саудасымен айналысатындардың құрығына жиі ілігеді. Жақында Андаман теңізінде болған кезекті қайғылы оқиға жұртшылықты шошытты: ішінде 250 адамы бар кеме суға батып кеткен. Құтқарушылар тек 9 адамды ғана аман алып қала алған.