Елордада алдағы күндері күн ашық болып, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
- 19 сәуірде күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с-қа дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы 0,-2°С-қа дейін төмендесе, күндіз +13+15°С жылы болады.
- 20 сәуірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде 0,+2°С, күндіз +17+19°С.
- 21 сәуірде күн райы жылына түседі. Түнде +4+6°С, күндіз +20+22°С.
Алматыда жексенбі күні жаңбыр жауғанымен, апта басында күн жылынады.
- 19 сәуірде күн райы құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні күндіз 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.
- 20 сәуірде ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С жылы.
- 21 сәуірде күн айтарлықтай жылынады. Түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С болады деп болжанған.
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Шымкентте құрғақ әрі жылы ауа райы сақталады.
- 19 сәуірде күн райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +6+8°С, күндіз +17+19°С жылы.
- 20 сәуір ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С жылы.
- 21 сәуірде ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С жылы болады.