Оқиға • Бүгін, 13:09

Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада азаматтардың сеніміне кіріп, ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ол 17 адамды алдап, 7,4 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды

Фото: Жи

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, алаяқ қажылыққа барғысы келген азаматтарға жалған әуе билеттері мен қонақүй брондарын ұсынған. Оның құрығына еліміздің әр өңірінен келген 17 тұрғын іліккен. Жәбірленушілердің арасында қарт ата-аналарын Умра сапарына жіберу үшін жылдар бойы ақша жинаған отбасылар да бар.

Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды

Сот талқылауы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды толығымен өтеген. Сот шешімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Осы оқиғаға байланысты қалалық прокуратура азаматтарды барынша сақ болуға шақырады:

  • Қажылық немесе Умра сапарын ұйымдастырумен тек арнайы лицензиясы бар туристік агенттіктер ғана айналысуы тиіс.
  • Ақшаны тексерілмеген жеке тұлғалардың шотына аудару – үлкен қауіп.
  • Кез келген қызмет түрін алмас бұрын ресми келісімшарт жасасу қажет.
Соңғы жаңалықтар