Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қоғамда қызу талқыға түсті. Lada.kz басылымының мәліметінше, ата-аналардың шағымына қарағанда, бала өзін өте агрессивті ұстайды: топтар арасында еркін жүріп, балаларға шабуыл жасайды және оларды қорқытады.
Шағымданушы аналардың бірі баланың кеңсе пышағын ұстап жүретінін және қыздарды ұрып-соғып, оларға: «Ұйықтамаңдар, әйтпесе бір жерлеріңді кесіп аламын» деп сес көрсететінін айтқан.
Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру 1 шілдеге дейін жалғасады
Ата-аналардың наразылығын тудырған тағы бір жайт – баланың осы балабақша директорының ұлы болуы. Олар мекеме қызметкерлері басшының баласы болғандықтан, бұзақылыққа көз жұмып отыр деп есептейді.
Тұрғындардың бірі жағдайды анықтау үшін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талап еткенімен, мекеме әкімшілігі «бейнежазбаға түсіруге тыйым салынған» дегенді алға тартып, бас тартқан. Ал учаскелік полиция қызметкері жазбаларды тек ресми арыз негізінде ғана алуға болатынын түсіндірді.
Қазіргі уақытта ата-аналар заңның бәріне ортақ болуын және балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді талап етіп отыр.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, 20 сәуірден бастап аталған мектепке дейінгі мекемеде қызметтік тексеріс жүргізіледі.
Балабақша мен колледждерде дау-дамайды реттейтін медиация қызметтері құрылады
Арнайы құрылған жұмыс тобы барлық жағдайды және ұсынылған материалдарды зерделейтін болады. Тексеріс қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады.