# Ата заң
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция азаматтардың дербес деректерін қалай қорғайды?
Қазақстанда 15 наурызда қабылданған жаңа Конституциялық өзгерістер аясында дербес деректерді қорғау нормасының енгізілуі – цифрлық дәуірдің басты талаптарына берілген нақты жауап. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, онлайн сервистердің көбеюі және киберқауіптің артуы азаматтардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде қайта қарауды қажет етті. Осыған байланысты жаңа норма тек құқықтық кепілдікті күшейтіп қана қоймай, әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етуді көздейді. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға бағытталған маңызды институционалдық шешім, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 21 Наурыз, 2026
Жаңа Конституциядағы басты жаңашылдықтар
15 наурызда республикалық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Ата заңы қабылданды. Жаңартылған Конституция – құқықтық өзгерістер жиынтығы ғана емес, елдің басқару моделін қайта қарастырған, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ауқымды реформалардың өзегі. Өзгерістер қоғам сұранысына жауап беріп, мемлекет пен халық арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Наурыз, 2026
Адам – басты ресурс: Елдің даму идеологиясы қалай өзгеріп жатыр?
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барып, ғылыми қауымдастық алдында сөз сөйледі. Ол адами капиталды дамыту, ғылым мен инновацияны ілгерілету, сондай-ақ жаңа Конституцияның елді жаңғыртудағы рөлін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 19 Наурыз, 2026
Ұлт келешегін айқындайтын құжат
2026 жылдың шымылдығы ел тағдыры мен тарихы үшін айрықша маңызы зор оқиғалармен түрілді. Қаңтар айында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде конституциялық реформалар басталатынын жариялап, соның аясында арнайы құрылған комиссия жаңа Ата заң жобасын әзірледі. Осылайша, халықтың қолдауымен бүгінгі заман талаптарына толықтай жауап беретін жаңа Ата заңымызды қабылдадық. Президент оны «Халық Конституциясы» деп атады.
Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Әділет министрі: 5 дербес конституциялық заңды әзірлеу басталды
Нормативтік базаны жаңа Конституцияға сәйкес келтіру үшін мемлекеттің институционалдық негізін трансформациялауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәсілі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сарсембаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға жаңа Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, электрондық платформаларда орналастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2026
Вице-премьер: Әлеуметтік саясаттың өзегі – адами капитал
Елде конституциялық реформаны іске асыру аясында әлеуметтік мемлекеттің жаңа үлгісі қалыптасып келеді. Бұл бағытта бұрынғыдай жәрдем мен кепілдікке ғана емес, азаматтың біліміне, кәсіби машығына, еңбекке бейімделуіне басымдық беріледі. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2026
Бүгін Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов оның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Қазақстанның конституциялық моделі тұрақты әрі заманауи мемлекет қалыптастыру жолында
Maqsut Narikbayev University алаңында отандық және шетел сарапшыларының басын біріктірген дөңгелек үстел тақырыбы осылай аталды. Еліміздің жаңа конституциясын талқылауға арналған іс-шараны ұйымдастырушы – Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты. Сараптамалық дөңгелек үстел жұмысына ҚСЗИ директоры Жандос ШАЙМАРДАНОВ, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Қарлығаш ЖАМАНҚҰЛОВА, ҚСЗИ өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Әмина ҮРПЕКОВА, сондай-ақ шетел сарапшылары – Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Альберто ТУРКСТРА, Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары, дипломатия және халықаралық құқық сарапшысы Давид АПЦИАУРИ, Халықаралық салықтар және инвестициялар орталығының Энергетика, өсім және қауіпсіздік бағдарламасы директорының орынбасары Уэсли Александр ХИЛЛ (АҚШ), Орталық Азия бойынша сарапшы, Нархоз университетінің профессоры Андрей КАЗАНЦЕВ қатысып, конституциялық референдумдардың халықаралық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.
Көкшетауда Digital Наурыз өтті
Digital • Кеше
Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
Президент • Кеше
«Тазару күні»: Ертең елімізде аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өтеді
Наурызнама • Кеше
Қосшыда жол жиегінен нәрестенің мәйіті табылды
Оқиға • Кеше
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше