Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан азаматтарының 81,8%-ы елде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтетіні туралы біледі. Оның ішінде:
-
33,7%-ы референдум жөнінде жақсы хабардар;
-
48,1%-ы бұл туралы естігенімен, нақты мәліметтерді толық білмейді.
-
Респонденттердің 17,1%-ы референдум жайлы мүлде естімеген.
Өңірлер бойынша хабардарлық деңгейі ең жоғары көрсеткішті Жамбыл облысы (89,7%), Шығыс Қазақстан облысы (87,8%), Қызылорда облысы (89,1%), Батыс Қазақстан облысы (88,1%) және Алматы (87,6%) көрсетті.

Жастар арасында референдум туралы толық ақпарат білетіндер үлесі 44,8%-ды құраса, егде жастағы азаматтардың 51,7%-ы бұл туралы жалпы хабардар екенін айтқан. Сонымен қатар білім деңгейі артқан сайын ақпараттандыру көрсеткіші де жоғарылайтыны байқалған. Мәселен, жоғары білімді респонденттердің 86,7%-ы референдум туралы білсе, орта арнайы немесе кәсіптік білімі бар азаматтар арасында бұл көрсеткіш 74,3%-ды құраған.
Ақпарат көздері ретінде сауалнамаға қатысқандардың 76,9%-ы әлеуметтік желілерді (TikTok, Telegram, Instagram, Facebook, ВКонтакте және т.б.) атаған. 33,3%-ы жаңалықтарды интернет-сайттардан алатынын айтса, 20,5%-ы теледидарды негізгі ақпарат көзі ретінде көрсеткен.

Электоралдық белсенділік жоғары
«Сіз Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қатысасыз ба?» деген сұраққа қатысушылардың 72,8%-ы «иә» деп жауап беріп, мұны азаматтық міндеті санайтынын жеткізген.
-
17,9%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған;
-
9,3%-ы референдумға қатысуды жоспарламайды.
Референдумға қатысуға дайындық деңгейі Түркістан облысы (82,7%), Батыс Қазақстан облысы (78,6%), Қарағанды облысы (78,1%), Қызылорда облысы (76,1%), Жамбыл облысы (75%) және Солтүстік Қазақстан облысы (75%) өңірлерінде жоғары екені анықталған.
Жас ерекшелігіне келсек, ең жоғары қатысу ниетін жастар (82,2%) және 29–45 жас аралығындағы азаматтар (76,3%) білдірген. Сондай-ақ жоғары білімді (74,4%) және жалпы орта білімді (75%) респонденттер де белсенділік танытқан.
Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Жобаны қолдау деңгейі
Сауалнама қорытындысы бойынша,ел азаматтарының 89,2%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды. Оның ішінде:
Ал 10,8%-ы әртүрлі себептерге байланысты жобаны қолдамайтынын немесе нақты шешім қабылдамағанын айтқан.
Зерттеу Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми хабарламаға сәйкес ұйымдастырылған.