Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні батыста, солтүстікте және оңтүстікте секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында да желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қостанай облысы батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады.
Павлодар облысы батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Өскемен және Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) туралы ескерту сақталады.
Абай облысы аумағында тұман күтіледі. Семей қаласында да екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай күшінде.
Алматы облысы таулы аудандарында күндіз кей уақытта қалың қар жауады. Түнде солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда, күндіз көктайғақ болады. Қонаев пен Алматыда кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысы солтүстігі мен орталығында күндіз жолдарда көктайғақ болады. Талдықорған қаласында да жолдарда көктайғақ күтіледі. Алакөл көлдері маңында жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Жамбыл облысы оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ, кей уақытта тұман болжанады. Тараз қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысы аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аудандарында қалың жауын-шашын, көктайғақ болады. Түркістан мен Шымкентте тұман күтіледі.
Қызылорда облысы оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман түседі.
Ақтөбе облысы солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Мұғалжар ауданында төменгі боран болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысы батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысы батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы батысында, солтүстігінде және орталығында тұман болжанады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.