Фото: Бас прокуратура
Іс-шараға Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, медицина қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Қайтарылған активтер: 7,5 млрд теңге Қарағанды облысының медицинасына жұмсалады
Жедел жәрдем станциясы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, жедел байланыс және диспетчерлік жүйелермен жабдықталған, жылына 100 мыңға дейін шақыртуды қабылдай алады.

Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді
Облыс тұрғындарына шамамен 350 медицина қызметкері, 36 жедел жәрдем бригадасы және 2 медициналық авиация бригадасы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, жедел жәрдем станциясының автопаркі 52 жаңа реанимобильмен толықты.
Іс-шара барысында Ғабит Садырбеков нысанның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, өңірлерді дамытуға және мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдауға Бас прокуратураның қосқан үлесін ерекше айтты.
Жаңа станцияның ашылуы Маңғыстау облысында жедел медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қайтарылған активтер: Дубайдағы виллалар мен «Думан» қонақ үйі сатылды