Фото: ашық дереккөз
10 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық:
Жетісу облысы
-
Республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 км (Көктұма ауылы – Достық станциясы) учаскесі.
Шығыс Қазақстан облысы
-
«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7-166 км (Ушановское ауылы – Алтай қаласы) учаскесі.
Павлодар облысы
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ өткізу пункті)» автожолының 254-431 км (Атамекен кентінен Шідерті кентіне дейін) учаскесі.
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақпанның ақтүтек бораны: 10 ақпанда еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады
Ақтөбе облысы
-
KAZ 09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті)» автожолының 104-337 км (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы
-
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 км (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);
-
«Өскемен – Семей» автожолының 12-103 км (Қазақье кенті – Абай облысының шекарасы).
Абай облысы
-
«Өскемен – Семей» автожолының 103-198 км (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы – Семей қаласы);
-
Республикалық маңызы бар «Семей – Қайнар» автожолының 8-284 км (Семей қаласы – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғыс» автожолына дейін);
-
«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 587-733 км (Семей қаласы – Павлодар облысының шекарасы);
-
Осы автожолдың 756-906 км (Семей қаласы – Қалбатау кенті);
-
«Семей – РФ шекарасы» автожолының 2-113 км (Семей қаласы – РФ шекарасы);
-
KAZ07 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1002 км (Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы);
-
KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-967 км (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы);
-
KZ18-03 «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 км (Таскескен ауылына бұрылыс – Үржар ауылы);
-
KAZ08 автожолының 615-683 км (Жетісу облысының шекарасы – Таскескенге бұрылыс).
Жетісу облысы
-
KAZ08 автожолының 561-615 км (Үшарал қаласы – Абай облысының шекарасы).
Жамбыл облысы
-
KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 750-897 км (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы).
Ақмола облысы
-
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-440 км (Қостанай облысының шекарасы – Державинск қаласы).
Қарағанды облысы
-
KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы» автожолының 248-592 км (Атамекен кенті – Балқаш қаласы);
-
KAZ14 «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 788-906 км (Ұлытау облысының шекарасы – Топар кенті);
-
KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғыс» автожолының 60-217 км (Ботақара кенті – Қарқаралы қаласы);
-
KAZ14 автожолының 970-1135 км (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы);
-
KAZ05 «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51-266 км (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы).
Ақмола облысы
-
KAZ05 автожолының 16-51 км (Қосшы қаласы – Қарағанды облысының шекарасы);
-
KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 16-268 км (Астана қаласы – Атбасар қаласы);
-
KAZ04 «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы
-
KAZ20 «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 км (Қалқаман кенті – Қарағанды облысының шекарасы);
-
KAZ14 автожолының 1135-1206 км (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығатын тұс) көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында 2024-2025 жылғы қыс мезгілінде күрделі таулы жағдайларға байланысты 46-66 км аралығында (Солтүстік ауылы мен Серебрянск қаласына бұрылыс аралығы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.