Денсаулық • 29 Қазан, 2024

Алматылық дәрігерлер кеңесі

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданына Алматыдан арнайы келген Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерт­теу институтының білікті мамандары жергілікті дәрі­гер­лердің қатысуымен тұр­ғындарға жоғар­ы дең­гей­дегі мамандан­ды­рыл­ған көмек көрсетті.

Алматылық дәрігерлер кеңесі

«Атакент» ауруханасы базасында «Дені сау ұлт – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында кардиохирургия, кар­дио­ревматология, аритмология, нефрология, гастроэнтерология, функционалдық диагнос­тика бойынша ауданның 284 тұрғыны медициналық тексеруден өтті. Бұл жоспарланған 180 пациенттен 104-ке көп, яғни алматылық дәрігерлерге қаралушылардың қатары көбейген. Қаралушылардың 260-ына дәрігерлік кеңес, 27-іне Алматыға жолдама берілді.

Кардиохирургия бөлімінің мең­герушісі Рүстем Төлеутаевтың, жү­рек­тің ыр­ғағы мен өткізгіштігінің бұзыл­уы бөлімінің меңгерушісі Бағдат Ахыттың қабылдауына келген 64 адамның 58-іне дәрігерлік кеңес берілсе, 6-ы ғылыми-зерттеу институтына қаралуға жолданды. Сонымен қатар «Атакент» аудандық ауруханасында мультидис­цип­ли­нарлық шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Екі күн бойы аудан тұрғындарына қызмет көр­сеткен алматылық білікті маман­дарға Атакент кентінің әкімі С.Әзімов ризашылығын білдірді. «Кар­диология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның басқарма төрағасы Марат Пашимовтің айтуын­ша, мұн­дай жоғарғы деңгейдегі маман­дан­ды­рыл­ған көмек түрлері облыс тұр­ғындарына алдағы уақытта да көрсетілетін болады.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37