Фото: Qazsport
Жарыстың күндізгі сессиясында шаршы алаңға шыққан үш боксшымыздың екеуі жарысты қола жүлдемен қорытындыласа, біреуі финалға жолдама алды.
Кешкі сессияда 80 келіде Надежда Рябец 1/2 финалда үнді боксшысы Пужа Ранимен жұдырықтасып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Аса ауыр салмақтағы Дина Исламбекова 1/2 финалда өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен жеңімпаз атанды.
Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді
Ал 65 келіде Ертуған Зейнуллинов Бунджонг Синсиримен айқасып, 3:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді.
Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан кездесу тағдырын мерзімінен бұрын шешті. Ол Қытай өкілі Пейчанг Уангпен жұдырықтасып, қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші 2-раундта кездесуді тоқтатты.
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті