Фото: Ашық дереккөз
Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы басқа оқушылар мен ата-аналардың көз алдында болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы дереу жеткенімен, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 07:45 шамасында тіркелген.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 1974 жылы туған жүргізуші Toyota Hiace автокөлігін басқарып отырып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен», делінген хабарламада.
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты азайтуға және жаяу жүргіншілер жолында барынша сақ болуға шақырады. Ал ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.