Ауа райы • Бүгін, 14:23

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің мәліметінше, 7-9 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады деп болжанған. Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі, ал батыс пен оңтүстік аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.

Жауын-шашынсыз ашық ауа райы тек еліміздің шығысында ғана күтіледі.

Ауа температурасына келетін болсақ, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі көрсеткіш +3...+15 градусқа дейін төмендейді.

Еске сала кетейік, бүгін бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар