Экология • Бүгін, 16:50

Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда табиғи ресурстарды қорғау бағытындағы шаралар барысында қызыл балықтың заңсыз тасымалданғаны анықталды. Құқық бұзушылықты полиция қызметкерлері жедел іс-қимыл нәтижесінде әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Республика көлемінде 1-31 сәуір аралығында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осы шара шеңберінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті автокөлікті назарға алған.

Тексеру Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Жедел басқару орталығының инспекторы Алматов Р. дер кезінде әрекет етіп, күдіктіні ұстауға мүмкіндік берді.

Ақтау қаласындағы МАЭК маңындағы айналма жолда тоқтатылған көлікті тексеру кезінде шамамен 40 келі (9 дана) заңсыз тасымалданған қызыл балық анықталып, тәркіленді. 

Заңсыз балық аулаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы (сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
Бұл оқиға табиғи байлықтарды қорғау және заңсыз айналымға қарсы күрестің маңызын тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Құқық қорғау органдары мұндай құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуді жалғастырады.
 
Соңғы жаңалықтар