Алматы • Бүгін, 16:22

Алматы полициясы азаматтық көлікпен жасырын рейд жүргізіп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі Алматы қаласында «STOP бұзушылық» тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы полициясы азаматтық көлікпен жасырын рейд жүргізіп жатыр

Іс-шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері азаматтық киімде, арнайы белгілері жоқ көліктермен бақылау жүргізеді. Осылайша, полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтап, әсіресе агрессивті жүргізу фактілерін әшкерелеуді көздеп отыр. Олардың қатарында күрт жолақ ауыстыру, «шахмат» тәсілімен жүру, басқа көліктерді қысып өту және апаттық жағдайлар туындату секілді қауіпті әрекеттер бар.

Алматы көшелерінде түнгі автожарыстар жиіледі: Полиция бақылауды күшейтті

Аталған құқық бұзушылықтарды тіркей отырып, жасырын патрульдер ақпаратты нақты уақыт режимінде жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждарына жолдайды. Кейін сол экипаждар көлікті тоқтатып, жүргізушіні заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартады.

Батыс Қазақстан облысында полицияға бағынбаған бір топ азамат ұсталды

«Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін көрсетті. Тек өткен демалыс күндерінің өзінде Алматы қаласында агрессивті жүргізудің 28 дерегі анықталды. Барлық құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Жасырын патрульдеу – көзге бірден түсе бермейтін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтаудың тиімді құралы. Біздің міндет – тек жауапкершілікке тарту ғана емес, қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру», деді ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинұр Тасыбаев.

Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

 

Соңғы жаңалықтар