Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша елімізде төтенше жағдай режімі кезінде облыс еріктілері 26 мың отбасына көмектесіп, өңір тұрғындарына 80 мың медициналық маска таратқан және жедел желі телефоны арқылы түрлі мәселелер бойынша 50 мың тұрғынға кеңес берген.
Осылайша, 7 аталым бойынша «Asyl Júrek» сыйлығының 7 жеңімпаздары марапатталды:
«Asyl Júrek: Мұрагер». Этно еріктілік – Александр Сон;
«Asyl Júrek: Жан жылуы». Әлеуметтік волонтерлік – Амангелді Толамысов, «Харекет» қайырымдылық қорының волонтері»;
«Asyl Júrek: Табиғат Сүйер». Эко волонтерлік – Сергей Тандеев, «Қаз ЭКО» қоғамдық қорының директоры, «Волонтерлік қозғалыс» экотобын құрушы;
«Asyl Júrek: Хайуанаттар қорғаушысы». Зооволонтерлік – Вероника Гузенко, «Зооклуб» қоғамдық қорының жетекшісі;
«Asyl Júrek: Көзсіз ерлік». Төтенше жағдай еріктілігі – Оксана Әмірғалиева, «LIDER.KZ» жоғалған адамдарды іздеу» клубының волонтері;
«Asyl Júrek: Білгенімен бөліскен». Онлайн-волонтерлік – Әлішер Бекмұстафаев, Мектеп волонтерлері клубының президенті, «Birgemiz: Bilim-2020» жобасының мүшесі;
«Asyl Júrek: Шипагер». Медициналық еріктілік – Алмабек Батқалбеков, 2005 жылдан бастап Талдықорған қаласының Жедел жәрдем стансасында жұмыс істейді;
«Asyl Júrek: Халық жанашыры». Әлеуметтік еріктілік – Хумар Хадысұлы, 2017 жылдан бастап Талдықорған қаласына қарасты Еркін елді мекенінің мешітінде жұмыс істейді.
Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Данияр Есин «Asyl Júrek: Мұрагер» аталымының жеңімпазы Александр Сон мен «Asyl Júrek: Білгенімен бөліскен» аталымының үздігі Әлішер Бекмұстафаевты марапаттады.
Салтанатты шараны Алматы облысының әкімдігі мен Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі ұйымдастырды.