Шығыс даналығында айтылатынындай, ұлы адам басқарған ел ұлы жетістіктерге жетеді. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай басшы.
Қазір Қазақстанда барлығы өз кезегімен, рет-ретімен жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Соған қарамастан, біз Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін оқыған кезде Қазақстан Көшбасшысының өз мемлекетін алдағы жылдарда дамытуды көздейтін жаңа бастамасының мән-маңызын түсіндік. Біз, халық дипломатиясының өкілдері – «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамының мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуіне үн қосқанды жөн көрдік, себебі, Қазақстанның өсіп-өркендеп, гүлденгеніне әрқашан қуана қараймыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттік басқарудың қағидатты мәселелерін шешу үстінде. Мемлекет басшысының Үндеуінде Президент өкілеттігінің бір бөлігін беру арқылы заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын күшейту мәселелері айтылған. Осы қадам арқылы елдің одан әрі дамуына кедергі келтіруі мүмкін бөгеттердің барлығы алынып тасталады.
Президент сөзінде күшті президенттік билік 25 жыл ішінде өзінің міндетін табысты орындағанына тоқталды. Енді билік құрылымдарын нығайту үшін Президенттің қырыққа тарта өкілеттігі қайта бөлінбек. Бұл орайда, конституциялық реформалар басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталып отырғанын ерекше атап көрсету керек.
25 жыл ішінде Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал басшылығымен жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрды. Ендігі уақытта елді тиімді басқару жүйесін қалыптастыру мақсатында конституциялық реформаларды қолға алып отыр. Президент Үндеуде: «Қазірдің өзінде біз алдағы кезең алдымызға міндетті түрде көлденең тартатын жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге қалай қарсы тұратынымызды ойластыруға тиіспіз», деген болатын. Бұл Президент Н.Ә.Назарбаевтың жаһанның тамыр соғысын дер уақытында сезіп, заман талаптарына жылдам жауап қата алатынын көрсетеді.
Сонымен қатар, Үндеуде ұсынылған конституциялық реформалар бірінші кезекте Қазақстанның өзіндік тәжірибесі мен сұраныстарына арқа сүйейтіні туралы атап өтілді. Сөз жоқ, бұл реформа Қазақстанның демократиялық бағытта дамитынын көрсетеді.
Елдің Парламенті мен Үкіметін нығайту мақсатында Президенттің өз өкілеттігінің бір бөлігін қайта бөлуді ұсынуы бұрын-соңды әлемдік тәжірибеде болып көрмеген құбылыс. Ол қазақстандықтар тарапынан бірауыздан қызу қолдау табады деген ойдамыз.
Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Біз достық қатынастағы Қазақстанның одан әрі өсіп-өркендеуіне, демократиялы бағытта дамуына тілектеспіз.
Әбдусаттор НУРАЛИЕВ,
«Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамының төрағасы, профессор

ДДҰ ескертуі: Эбола дертіне шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:47
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 12:43
Елімізде нотариустарға бақылау күшейтіледі: Жаңа талаптар қандай?
Заң • Бүгін, 12:30
Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген
Алматы • Бүгін, 12:28
Машина жасау саласында қолдау артады: Мәжіліс жаңа заң жобасын қабылдады
Парламент • Бүгін, 12:20
Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Саясат • Бүгін, 11:55
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Ипотека • Бүгін, 11:50
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
Әлем • Бүгін, 11:40
Қазақстан мен Макао экстрадиция туралы келісімге қол қойды
Саясат • Бүгін, 11:28
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Елорда • Бүгін, 11:23
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Қоғам • Бүгін, 11:21